Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«500 теңгеге ауызашар» атты қайырымдылық жоба жүзеге асырылуда
31 мамыр, 2019 жыл 93 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» қоры мен мүфтият жастары «500 теңгеге ауызашар» атты бірегей жобаны іске асыруда. Қайырымдылық жобасы 26 мамырда басталған еді. Небәрі төрт күннің ішінде осы жобаның шотына 1500 000 теңгеден астам қаражат жиналған, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Аллаға шүкір, еліміздің түкпір-түкпірінен түсіп жатқан ақша ағыны толастар емес. Біреулер 200 теңгесін жіберсе, енді біреулер 5000 теңгесін, үшінші біреулер 30 мың теңгесін аударып, ізгі жобаға барынша ат салысуда. Бір қуанарлығы, бүгін, яғни, 30 мамыр күні осы игі істің жүзеге асырылуына қол ұшын созған, яғни, ауызашар сауабына ортақтасқысы келетін барлық адамдардың атынан, Нұр-Сұлтан қаласындағы халал-мейрамханалардың бірінде 300 адамға арналған ауызашар береміз», - дейді «Зекет» қорының өкілдері мен мүфтият жастары.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгіннен бөлек, тағы екі күн ауызашар беріледі. Осылайша, үш күннің ішінде жалпы саны 900 адамға ауызашар дастарханын жаю жоспарланған.

«Бұнымен тоқтап қалмаймыз, себебі ақшаларды жинау уақыты маусымның 2-не дейін созылмақ. Оған дейін де тағы біраз қаражат түседі деген үміттеміз. Сондықтан араларыңызда әлі де қаржы салмаған жандар болса, ауызашар сауабын алуға үлгеріп қалуларыңызға уақыт бар. Алла қаласа бұл жобаны жүйелі түрде, яғни әр Рамазан айы сайын ұйымдастырсақ деген ниеттеміз», - дейді ұйымдастырушылар.

Салған қаражаттардың PDF файл арқылы нақты есебін көруге мүмкіндік беріледі, яғни барлығы ашық түрде жария етіледі. Осы жобаға қатысты барлық ақпараттарды #iftar500tg хэштегін басу арқылы білуге болады. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары