Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Бас мүфти қуғын-сүргін құрбандарына Құран бағыштап, дұға жасады
31 мамыр, 2019 жыл 12 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнайы Құран бағыштап, дұға жасады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қадір түні қарсаңында Елордадағы «Нұр Астана» мешітінде жұма уағызын айтқан Бас мүфти «Қуғын сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай, зұлмат күндерде бақилық болған бабаларымызға Алладан кеңшілік, рақым тіледі.

«Келер жылы да жақсы ай, жақсы күнге төрт көзіміз түгел жетуді нәсіп етсін! Бірлігіміз, татулығымыз, тұрақтылығымыз баянды болсын! Алла Тағала халқымызға бірлік берсін! Құдай Тағалам біздің халқымыздың әр кезеңде жүрер жолы, бағдаршамы, қоғамның рухани тірегі болған дінімізге қуат берсін.
Кешегі зұлмат заманда, нәубет күндерде жазықсыз кеткен, құрбан болған бабаларымызды Алла Өзі рақымына алсын! Пайғамбарымыздың шапағатында болсын! Құдай Тағала енді біздің ұлтымыздың, халқымыздың болашағын ондай нәубеттен сақтасын! Жарық күніміз баянды болсын! Ел аман, жұртымыз тыныш болсын!» деп еліміз бен жерімізге дұға тіледі.

Алла Тағала мүфти хазіреттің дұғасын қабыл етіп, еліміздің болашағы баянды, халқымыздың келешегі кемел болғай!


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары