Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Өскемен: Өкіл имам Зайсан ауданы имамдарымен кездесті (ФОТО)
20 ақпан, 2018 жыл 200 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти хазіреттің «Өзгеруді өзіңнен баста» ұранын қолдау аясында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданыны имамдарымен кездесті.

Шараға Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамдары және ауыл имам-молдалары, аудандық мешіттің қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында Өкіл имам:

«Алдымызда жаңа бағыттағы міндет, мақсаттар тұр. Барлығын өзімізді өзгертуден бастауымыз керек. Ортаға, қоғамға жақсы әсер қалдыру, өнеге көрсету арқылы асыл дініміздің ұлылығын дәріптей аламыз» дей келе,

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтидің тапсырмаларын орындау, ұранды қолдау, рухани жаңғыру аясындағы шараларды нәтижелі атқару, кері ағымдарға қарсы күресті күшейту туралы арнайы міндет жүктеді. Сонымен қатар, ҚМДБ-дан шығарылған кітаптарды насихаттауды тапсырды.

Басқосуда Зайсан ауданының бас имамы аудан бойынша атқарылған шараларды баяндап берді. 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары