Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Тараз шаһары Қадір түнін қарсы алды
01 маусым, 2019 жыл 15 Басып шығару нұсқасы

Мұсылман әлемінде қасиетті кештер мен айтулы күндер жетерлік. Соның ішіндегі ең маңыздысы, әрі бірегейі — қасиетті Рамазан айындағы Қадір түні. Айтулы бұл түн биылғы жылы мамырдың айының 31-нен маусымның 1-не қарған түнге келіп тұр. Қадір түні — адамзаттың ақ пен қараны айыратын түн және де барлық жақсылық атаулының бастау қайнары көзі бо­лып саналатын қасиетті Құран Кәрім аяттары түсе бастаған түн. 

Бар мұсылман асыға күткен мың айдан қайырлы қасиетті қадір түні келіп, Тараз шаһарының тұрғындары мешіттерге ағылды.  Жылына бір рет келетін мың  айдан да қайырлы болған Қадір түнін құлшылықпен, жамағатпен қарсы алу үшін еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін «Һибатулла Тарази» мешітіне жиналғаны соншалық, мешіттің іші мен сырты адамдарға лық толды. Адамның көптігінен мешітке сыймағандары сыртта отырып, сексен үш жылға тең сауапты күнді бос өткізіп алмауға тырысты.

Алдымен орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде 150 шақты адамға ауызашар беріліп, құптан намазының алдында уағыз айтылды.

Қадір түнін барынша құлшылыққа толы өткізу үшін орталық мешіт барлық мүмкіндіктерді жасады. Балаларға арнайы батут құрылып, тегін тәттілер  үлестірілді. Мешіт ауласына LED экран орнатылып, JAMBYL телеарнасының тарихында алғаш рет «Қадір түні» тікелей эфирден көрсетілді. Мешіттің дін мамандары өз кезегімен арнайы арна үшін уағыз айтып, экранның арғы жағындағы жамағатқа насихатын жеткізді. 

Ұлтты ұйыстырған ұлық мереке тарауық намазымен басталды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, осы мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл халықты айтулы күнмен құттықтап, ел амандығы үшін дұға жасады. Құран түскен мүбарак түні үзіліс сайын құран оқылып, еркін құлшылыққа уақыт берілді. Мешіттің найб имамдары кезекпен уағыз айтты.  Медресе ұстазы Нұралы Бақытұлы «Қадір түнінің қасиеті», «жаннат пен тозақ» тақырыптарында үгіт-насихат жүргізді. Наркес Боханов, Жалғас Жұбатқанов, Бақытұлы Нұралы мен ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының өкілі Гүлжан Алдасаева бастаған мешіт қызметкерлері ерлер және әйелдер жамағатына сұрақ-жауап ойынын ойнатып, үздік шыққандарға қасиетті Құран Кәрім, сәнді үлкен сағат берілді.

Биылғы жылы әдеттегіден ерекше үтір намазы тарауық намазынан кейін емес, жамағатпен таспих намазы оқылып,  еркін құлшылық жасалғаннан кейін жүргізіліп, өкіл имам дұғасын жасады.

Ал Ауыз бекіткен 1500-ден астам жұртшылыққа сәресі асы таратылды. Таң қылаң бере жамағатпен бамдат намазы оқылып, көпшілікпен дұға жасалды. Шалғай аудандар: Асқаров, мөлтек аудандар мен залиния бағыттарына мешіт автобустары тұрғындарды тегін тасмалдады. Алла нұрын төккен осынау қадір түні жасаған дұға-тілектер қабыл болғай!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары