Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Бірлігі жарасқан жамағат
20 ақпан, 2018 жыл 210 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Султановтың бастамасымен Орал облыстық орталық мешітінде жамағаттың ауызбірлігі үшін дастархан жайып келеді.

Рухани шарада Орал облыстық орталық мешітін наиб имамы Бақытжан Сабралиев сөз алып, келген жамағатқа ақ тілегін жеткізді. Ал, Тәжіден Батырұлы атындағы қалалық мешітінің наиб имамы Әсет Раманқұлов ардақты пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өміріне тоқталып, жақсылыққа шақырып, жамандықтан алыс жүруді айтып, тағлымы мол әңгімесімен рухани кешті әсерлі етті.

Шара соңында мешіттің жамағаты Ерсайын бауырымыз өз ризашылығын айтып, игі бастамалары мол болып, рухани  дүниеміз кең болсын, деп дұға жасады.

Дастарханға мешіттің ақсақалдары мен жамағаттары, имам-молдалар мен жастар қатысты.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары