Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қадір түнін атыраулықтар ерекше жағдайда қарсы алды
02 маусым, 2019 жыл 16 Басып шығару нұсқасы

Жер беті сәлеметке тұнатын қасиетті Қадір түнінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, мүфтият жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров жиналған жамағатқа қасиетті түн туралы уағыз айтты. 

"Мың айды жылдарға шағатын болсақ, сексен үш жылдан астам мезгілді қамтиды. Яғни, қасиетті түнде Хақ Тағалаға ғұмыр бойы құлшылық еткен болып саналады",- дейді бас имам Батыржан Мансұров. 

Қасиетті түні тарауық намазымен қоса, жамағатпен бірге тәспих намазы өткізілді. Ерекше айта кетерлігі, қасиетті түнде жамағат арасында викториналық сұрақтар қойылды. Рухани һәм интеллектуалдық сауалдарды орталық "Иманғали" мешітінің бірінші наиб имамы Мұрат Мұстафаев жүргізді. Сауалдарға үздік жауап берген азаматтарға түрлі бағалы сыйлықтар берілді. 

Және қасиетті түнде тәһажуд намазы оқылды. Сондай ақ, бұл түні Атыраудың бас мешітінде 2500 адамға сәресі дастарханы берілді. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары