Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Талдықорған: Қадір түніндегі қос қуаныш
04 маусым, 2019 жыл 37 Басып шығару нұсқасы

Рамазан айының соңғы жұмасында "Зекет" корпоративтік қайырымдылық қорының "Ел үлесі- пәтерге" жобасы аясында Талдықорған қаласындағы кәсіпкер ағамыз Кербұлақ ауданына қарасты Жаңалық ауылының жеті балалы жанұяға үй сыйлады. Жағымды жаңалыққа жұма намазына жиналған жамағат куә болды. 

Сондай- ақ, Қадір түнінің кешінде кезекті баспана да өз иесін тауып үлгерді. Біраз уақыт бұрын Қытайдан оралған Серікұлы Азамат бауырымызға Ескелді ауданы, Ақын Сара ауыл имамы мен тұрғындары сол ауылдан үй алып берді. Мұндай қуанышқа кенелген, тағдыр сынағымен мүгедектің күйін кешкен қамкөңіл бауырымыз баспаналы болуына себепкер болған барша жұртқа ыстық лебізін білдіріп, Қадір кешінде жиналған көпшілікке батасын берді.

Айта кетейік, республикалық жоба бойынша бұл сыйға берілген 65-ші және 66-шы баспана болып отыр.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары