Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Павлодар мешіттерінде хатым дұғасы жасалды
04 маусым, 2019 жыл 20 Басып шығару нұсқасы

Павлодар облысының барлық мешіттерінде қасиетті Құран Кәрімнің отызыншы парасы хатым етіліп, хатым дұғасы жасалды. Орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде жамағат лық толы болды.

Өкіл имам Жолдас Қоспақұлы: «Құрметті жамағат, біз иманның бал дәмін татып, ораза ұстау арқылы Алланың теңдессіз сыйына кенелдік. Пайғамбарымыз Мұхаммед бір хадисінде: «Расында, әр адамға өзінің ниет еткен нәрсесі беріледі», – деген. Сіздердің сауабын Алладан үміт етіп, ораза ұстаса, күнәлары кешіріліп, Оның ризалығына бөленіп, екі дүниеде де Алланың ризалығына кенелуге нәсіп етсін! Алдағы Ораза Айт мерекесі баршамызға құтты болсын! Алла Тағала елімізге, жерімізге берекесін, мол ризығын жаудырғай! Мұратымыз асыл, дұғамыз қабыл болсын!» ,-деді.

Келесі кезекте тарауық намазы және бесін намазы алдын 30 күн бойы қасиетті Құран Кәрімді хатым еткен Павлодарлық қарилар Манас қари Айдарұлы, Әбдулкарим қари Исламұлына және ұстаз Харун Аязға жамағаттың зор алғысын айтып, оларға Рамазан айында мешіт жамағатының рухын Ислам дінімен қуаттандыру, қасиетті дініміздің өсіп-өркендеуіне аса мол үлес қосып, отыз күндік тарауық намазын 30 пара қасиетті Құран Кәрім аяттарымен көріктендіргені үшін арнайы сый-сияпаттар табыс етті.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары