Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Семей өңірі Ораза Айт мерекесін атап өтті 
05 маусым, 2019 жыл 27 Басып шығару нұсқасы

 

Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы барлық қала жұртшылығын мұсылман әлемінің қастерлі мерекесі Ораза айт мейрамымен құттықтап:

«Қасиетті рамазан айы аяқталғанын білдіретін бұл мереке – исламның ғасырлардан бергі игі дәстүрінің, оның маңызды рухани құндылығы болған кең пейілдің, жақсылық пен мейірімділіктің көрінісі. Қасиетті Ораза айт мерекесі арамыздағы ынтымағымызды нығайтып, шаңырағымызға бейбітшілік пен мол игілік, береке әкелсін! Ынтымағымызды нығайта отырып, біз қоғамдағы ұлттық мәдени және рухани алуандылықты сақтауға, азаматтар арасындағы өзара құрмет пен сенімнің нығаюына одан әрі ықпал етуіміз қажет», – деді және ары қарай сөзін Ораза айт мейрамының қасиеті, маңызы және адамгершілік, бірлік тақырыбындағы уағызымен жалғастырды.

Тамаша уағыз-насихат пен құттықтаулардан кейін жамағат Ораза айт намазын оқу үшін сапқа тұрды. Осы қасиетті айт мерекесінде барша мұсылман қауымға амандық-саулық және ауыз біршілік тілейміз.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары