Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қызылорда: Ораза айтта 74-пәтер сыйға берілді
05 маусым, 2019 жыл 9 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты мешіттер Ораза айт мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Аймақтағы барлық мешітте уағыз айтылып, намаз оқылып, мерекелік дастарқан басында спорттық шаралар өткізілді.

Облыстың Бас мешіті – «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітін алар болса, таң ауаннан мешітке жиылған жамағатқа Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы «Ораза айт» туралы уағыз айтып, айт хұтбасын оқыды.

Және де барша жамағаттың алдында «30 күнде 30 ауызашар» акциясына елеулі үлес қосқан асхана басшысы Е.Раимовқа алғыс білдіріп, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты. Биылғы айт мейрамының елеулі оқиғасы ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен бастау алған «Ел үлесі пәтерге» қайырымдылық акция аясында республика бойынша 74-ші пәтердің кілтін аймағымыздағы мұқтаж жанұяға табыс етті.

Бұдан кейін айт намазын оқуға келген жамағатқа арналып дастарқан жайылып, «арқан тарту», «гір көтеру», «қол күрес» секілді спорттық ойын түрлерінен сайыс өткізілді.

Төрешілердің қорытындысы бойынша:

«Гір көтеру» спорттық ойынында:

І-орын: Б.Иқласов

ІІ-орын: Н.Қамаров

ІІІ-орын: Р.Жүсіпбеков

«Қол күрес» спорттық ойынында:

І-орын: Б.Төремұратов

ІІ-орын: А.Мұратов

ІІІ-орын: Ж.Берхатов

«Арқан тарту» спорттық ойынында:

І-орын: «Рамазан» тобы

ІІ-орын: «Қызылорда» тобы

ІІІ-орын: «Орда» тобы жүлделі орындарды қанжығаларына байлап, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары