Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Шығыстың журналистері марапатталды
05 маусым, 2019 жыл 3 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі Ораза айт мерекесі қарсаңында өңірдің журналистеріне дастархан жайып, құрмет көрсетті. Шараға облыстық «Дидар» газетінің бас редакторы Уәлихан Тоқпатаев, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Азамат Қасым бастаған журналистер қауымы шақырылды.

Дастархан басында емен-жарқын әңгіме өрбіп, құнды ой-пікір, ұсыныстар айтылып, ислам тарихынан әңгіме шертілді.

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы өкілдігінің халық игілігі үшін атқарып жатқан әр бағыттағы іс-шараларын ақпарат құралдары арқылы халыққа үздіксіз насихаттап келе жатқан Сіздердің еселі еңбектеріңізге шынайы алғысымды білдіремін» дей келе журналистерге өкілдіктің «Алғыс хатын» және кітаптар тарту етті.

Басқосуда облыстық «Дидар» газетінің бас редакторы Уәлихан Тоқпатаев сөз алып, өкілдіктің барлық шараларын қолдап, бірлесе тығыз байланыста жұмыс атқарып отырғандығын айта келе, алғыс білдіріп, өкілдіктің қызметіне сәттілік тіледі.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары