Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақтөбедегі Ораза айт мейрамы
05 маусым, 2019 жыл 20 Басып шығару нұсқасы

Қайырымдылық пен жақсылыққа бастайтын қасиетті айды қимастықпен шығарып салған Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің жамағаты да Ораза айттың алғашқы күнін ауызбіршілікпен қарсы алды.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңіріміздің бас мешітіне арнайы келіп, қалың қауымды күллі мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Айт мерекесімен шын жүректен құттықтады. Айт намазына қатысып, аймақ жұртшылығына жылы лебізін жеткізді. Ізгі ой-ниет адамдарды тек мейірімділік пен бірлікке бастайтынын айтып, ақтөбеліктерге игі тілектерін арнады.

"Рамазан айы – құлшылық пен сабыр, мейірім мен қайырымдылық айы. Ал, оразадан соң үш күн тойланатын айт мейрамы – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке екендігі баршаңызға мәлім. Еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін барша мұсылман шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл мейрам Ақтөбе жұртшылығына да құт-береке, ынтымақ, ырыс әкелсін! Баршаңызды Ораза айт мейрамымен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын",- деді өңір басшысы.

ҚМДБ-ның өкіл имамы Төлеби Оспан Айт мерекесінде уағыз айтып, Айт намазын оқыды.

Бұдан кейін өңір басшысы «Нұр Ғасыр» мешітінің алаңында қанат жайған ақшаңқан киіз үйлерді аралап көріп, мерекелік ақ дастарханнан дәм татты.

Мешіт алаңында ақтөбеліктер әртүрлі ұлттық спорттық жарыстарға қатысып, өзара ептілік пен күш-қайратын сынға салды. Қазақша күрес, асық ату, тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойындарымыз бен т.б. сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қаржылай және бағалы сыйлықтар беріліп, «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары