Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚМДБ: ЖҮЗ ОТЫЗ ОТБАСЫНА АЙТТЫҚ БЕРІЛДІ (ФОТО)
06 маусым, 2019 жыл 71 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Зекет" қоры мен "Жастар ісі" секторының ұйытқы болуымен Нұр-Сұлтан қаласында 130 отбасына айттық берілді.
Игі шараға ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан қажы Əбдірашұлы, "Зекет" қорының директоры Талғат Сейіткəрімұлы жəне "Жастар ісі" секторының қызметкерлері қатысты.
Айтулы айт мерекесі күні ұйымдастырылған ізгі шарада сөз алған наиб мүфти Бауыржан қажы Əбдірашұлы:

"Бұл - мүфтияттың бүгінгі ұлық мерекеміз айт күнінде өздеріңізге ұсынып отырған сыйлығы. Жуырда Бас мүфтиіміз Серікбай қажы Ораз жамағатқа жолдаған үндеуінде айт күні бала-шаға, ағайын-туыс, барша қауымды қуанышқа бөлеу - сауапты амал екенін атап өтті. Айттарыңыз қабыл, қуанышты сəттеріміз көп болсын. Жаратушы Жаббар Иеміз əр жанұяға жар болсын", - деген игі ниетін жеткізді.


Мүфтияттан айттық алған азаматтар "Зекет" қорының қызметкерлеріне, жалпы жастарға алғысын жаудырды.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары