ҚМДБ Маңғыстау облыстық орталық мешіті, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Маңыстау облыстық филиалы Ақтау қаласындағы бірнеше колледждің студенттерімен «Дін және жастар» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.
«Рухани жаңғыру» аясында өткен кездесуге арнайы шақыртылған Маңғыстау облыстық орталық мешітінің наиб имамы Елдар Жексенұлы «Исламдағы жастардың орны», «Дін және жастар» тақырыптарында сөз қозғап, маңызды мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар студенттер тарапынан қойған сұрақтарға жауап берді.
Пікірлер