Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
500 ТЕҢГЕГЕ... 1000 АДАМҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ (ФОТО)
06 маусым, 2019 жыл 102 Басып шығару нұсқасы
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты "Зекет" қайырымдылық қоры және Мүфтият жастарының ұйытқы болуымен өткен "500 теңгеге ауызашар" атты қайырымдылық акциясы өз мəресіне жетті.

4 күнде 1000 адамға ауызашар берілді. Игі дастархан басында ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, "Əзірет Сұлтан" мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Бауыржан қажы Əбдірашұлы, "Зекет" қорының директоры Талғат Сейіткəрімұлы, т.б. ҚМДБ қызметкерлері қатысып, қайырымдылық істің мəні мен маңызы, сауабы жайлы уағыз айтты. Сонымен қатар, осынау сауапты істі ұйымдастырған мүфтият жастарына алғыс айтты.


Айта кетейік, мүфтият жастары ұйытқы болған "500 теңгеге ауызашар" атты қайырымдылық акциясына жомарт жандар небары 6 күнде 2 млн. 500 мың теңге аударды.
Ауызашардан артылған қаржыға кеше елордалық 130 отбасына тұрмысқа қажетті азық-түліктер таратылды.


 Біз де өз тарапымыздан барша қайырымды жандарға алғыс айтамыз. Алла разы болсын!

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары