Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қызылорда: Жаңақорғандық жастар пәтер сыйлады
07 маусым, 2019 жыл 26 Басып шығару нұсқасы
Қасиетті Ораза айт мерекесінің құрметіне орай Қызылорда облысы, Жаңақорған кентінде "Қамқор" әлеуметтік дүкенінің ашылу салтанаты өтіп, жалғызбасты анаға пәтер кілті табысталды.
 
Аталмыш шараға арнайы қатысқан ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы "Ордакент" ардагерлер және жастар ресурстық орталығынан ашылған дүкенді салтанатты түрде ашып берді. Және де кент тұрғыны А.Беласарова апаға пәтер кілтін табыстап, қасиетті мейрамда қуаныш сыйлады.
 
Өкіл имам сауабы мол игі бастаманың басында жүрген жергілікті жомарт азаматтарға, атап айтқанда, аудандағы үш мешіт жамағаттарынан құралған "Жаңарған Жаңақорған Жастары" еріктілеріне шексіз алғысын білдірді.
 
Берекелі мерекедегі өнегелі шараға қатысқан аудан әкімі Ғ.Әмреев ие өз тарапынан белсенді жастарға алғыс айтып, "мұқтаж жандарға пәтер сыйлайтын" мейірімділік бастамасын қолдайтындығын жеткізді.

 
 
 
 
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары