Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Әбу Ханифа» медресе колледжінің шәкірттері емтихан тапсырды
13 маусым, 2019 жыл 8 Басып шығару нұсқасы

Мұсылмандықтың қырық парызының бірі – білім іздеу. Осыларды басшылыққа алған қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин бабамыз балаларды білімге шақырғанда: «Бір Аллаға сиынып, Кел, балалар, оқылық»,- деп білімді Алланың атымен бастап алуға насихаттаған.

Бүгін Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» медресе колледжінің бітіруші шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды. Шәкірттер өткен аптада Қазақстан тарихы пәнінен сынақтан өткен болса, бүгін Құран және тәжуид, фиқһ, араб тілі пәндерінен емтихан тапсырды.

Аталмыш емтиханды ҚМДБ-ның Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлы, Алматы қаласының орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай, «Үш қоңыр» медресе колледжінің ұстазы Бекболат Бердімұратұлы қабылдады.

Бірер күндерде диплом алып, ілім деген аманатты арқалап үлкен өмірге қадам басатын түлектерге Алла Тағала жолдарын ашсын деп тілейміз!

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары