Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Түркістан: Имамдардың аймақтық форумы өтті
17 маусым, 2019 жыл 46 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай Ораздың пәрменімен құрылған Мүфтияттың Түркістан қаласындағы Кеңсесіне 1 жыл толды.

Осыған орай "Дін мен дәстүр үйлесімі және ұрпақтар сабақтастығы" атты имамдардың аймақтық форумы өтті. Отырар ауданына Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан 500 дін қызметкері қатысты.

Төраға орынбасары, Түркістан қаласындағы Кеңсе басшысы Алау Әділбаев бұл форумды ұйымдастырудағы мақсаты үш тараптық ықпалдастық орнату болғанын және де үдесінен шыққанын айтты. Нәтижесінде облыстық Ардагерлер кеңесі мен кеңсе басшылары рухани жаңғыру, салт-дәстүрді сақтау, ұрпақ тәрбиесі, қоғам тыныштығы жолында бірлесіп жұмыс істеуге келісіп, меморандумға қол қойылды. Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов та бұл істе имамдарға сенім білдірді. Әкімнің алғыс хатымен наиб мүфти Алау Әділбаев Шымкент қаласы мен Түркістан облысының өкіл имамдарын, бірқатар дін қызметкерлерін марапаттады.

Жиын соңында дін мен дәстүрдің жаңғыруына, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ауызбіршілікті сақтау, басшыға бағыну, жұртты имандылыққа ұйыту, ұрпақ тәрбиесі, жаназа және жерлеу рәсімдерін бірізділендіруде күш салуға үндеу қабылданды. Наиб мүфти Алау Әділбаев келесі форумның кезегін Шымкент қалалық өкілдігіне табыстады. Діни басқарма атынан Түркістан облысының 1 жылдығымен құттықтады.

 

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары