Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Ел үлесі пәтерге»: Ақтөбеде 92- баспана берілді
17 маусым, 2019 жыл 17 Басып шығару нұсқасы

Бүгін «Ел үлесі пәтерге» қайырымдылық акциясы жалғасын тауып, Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласында мұқтаж отбасыға өңірдегі 4-ші баспана берілді. ҚМДБ жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында өріс алған қайырымдылық шарасының арқасында мұғалжарлық жалғызбасты ана баспаналы болып, қуанышқа кенелді. Бес баласын бір өзі тәрбиелеп-өсіріп отырған Кемелбаева Ажаргүл Ақдәулетқызы есімді анаға мейірімді де жомарт жандардың жәрдемімен 3 бөлмелі үй бұйырды.

Мұғалжардағы қайырымдылық шарасында ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан жаңа қоныс иелерін қуанышымен құттықтап, сауапты іске атсалысқан барша қауымға ризалығын білдірді. Аталмыш іс-шараға Қандыағаш қаласының әкімі Талғат Орыналыұлы, Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Бекболат Қалдыбайұлы, «Зекет» қоры мен мешіт қызметкерлері, сондай-ақ, жергілікті тұрғындар қатысты. Ақ жаулықты әжелер тәттіден шашу шашып, Бас имамы Ерболат Жүсіпов балаларға тегін балмұздақ үлестірді.

Еске сала кетейік, «Ел үлесі пәтерге» – әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға қаражат жинап, баспана сыйлауды көздейтін жоба. Осылайша, өткен жылы Бас мүфтидің бастамасымен республика аумағында бастау алған «Ел үлесі пәтерге» қайырымдылық акциясы жалпы республика бойынша мешіттер мен жамағаттың қайырымдылығының арқасында мұқтаж отбасылардың қолы жеткен 92-ші пәтер болып отыр. 

Құрметті жамағат! Егер Сіздер де «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында көпбалалы отбасыларға қуаныш сыйлағыңыз келсе, ізгі істен шет қалмаңыздар! Мұқтаж жанұяларға баспана сыйлау сауабы әрі қарай сәтімен жалғасуы үшін, мешіттерге арнайы жәшіктер қойылған. Сонымен қатар қасиетті жұмада және мереке күндері жәрмеңкелер ұйымдастырылып отырады. 

Қор қызметкері Кенжегүл Қошқарова атынан «Каспий Банктен» арнайы есеп-шот ашылған. Баспанасыз отбасылардың үйлі болуына көмек көрсеткісі келетін қайырымды жандарды мына есеп-шотқа қаражат аударуға шақырамыз. «Каспий голд» есеп-шоты: 5169493106731295. ИИН 660121402077.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары