Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Маңғыстау: Мектеп оқушыларына жазғы сауат ашу курсы басталды
17 маусым, 2019 жыл 11 Басып шығару нұсқасы

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде маусым айынан бастап жазғы сауат ашу курсы басталды. Ер балалар мен қыз балаларға арналған арнайы сауат ашу курсына 5 жастан бастап 17 жасқа дейінгі балалар қабылданып, барлығы 120- ға жуық оқушылар діни білім алуда.

Қыз балаларға орталық мешіт ұстаздары Г. Жұмағалиева мен Ә. Ахметова сабақ берсе, ер балаларға медресе шәкірттері сабақ беруде. Бір айға созылатын сауат ашу курсында оқушылар Құран әліппесі, Әдеп сабақтарымен қоса қысқа сүрелер мен дұғаларды және Алла Тағаланың 99 қөркем есімдерін жаттап, жазғы демалыстарын тиімді де пайдалы өткізетін болады.

«Ел болам десең бесігіңді түзе» демекші, жыл санап жазғы демалыста балаларын жетектеп мешітке қарай ағылатын ата-аналардың саны көбейген.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары