Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қарағанды өңірінде технолог мамандар оқу-семинарын өткізді
18 маусым, 2019 жыл 6 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұйымдастыруымен ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС-ның технолог маманы Белтаева Жаннат және сарапшы маманы Айжан Омаровамен әйелдер жамағаты арасында кездесу болып өтті.

Семинар-тренинг «Күмәнді қоспаларды қалай анықтаймыз?» деген тақырыпта болды. Жиында облыстық мешіт шәкірттері мен әйел жамағаты халал мен харам өнімдері жайында құнды ақпараттар мен деректерге қанық болды. Сонымен қатар, әртүрлі тауар өнімдеріне байланысты туындаған сұрақтарға жауап алды. Пайдасы мен берері мол семинар-тренинг мамыр айында да өткізілген болатын.

Алдағы уақытта, тағы бірнеше кездесулерді ұйымдастыру жоспарланды. Кездесу соңында жиынға қатысушы әйелдер жамағаты ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС-ның технолог мамандарына өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары