Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Жобалар жәрмеңкесі өтеді
19 маусым, 2019 жыл 12 Басып шығару нұсқасы

Батыс Қазақстан облы­сында жергілікті қоғам­дастық мәселелерін шешуге бағытталған жаңа инно­вациялық әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесі өткелі жатыр. Бұл жөнінде «Ғылыми зерттеулерді қолдау қорының» төрағасы Айболат Құрымбаев хабарлады.

Байқау «Батыс Қазақстан облысында азаматтық сектор әлеуетін арттыру бойынша кешенді шараларды ұйымдастыру және өткізу» жобасын іске асыру шеңберінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ішкі сая­сат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша өткізіледі. Байқаудың мақсаты – қоғамның немесе қоғамның жекелеген әлеуметтік топтарының әлеуметтік маңызды проблемаларын шешуге ықпал ету, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдері арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, жергілікті өзін өзі басқаруды және жергілікті қоғамдастықта өзін өзі реттеуді дамыту.

– Біз осы байқау арқылы өңір­дегі үкіметтік емес ұйымдардың кәсіби және шығармашылық өсуін ынталандырып, облыстағы әлеуметтік мәселелерді шешуде ҮЕҰ, мемлекеттік және ком­мерциялық құрылымдарды, бұ­қаралық ақпарат құралдарын бі­ріктіргіміз келеді. Сондай-ақ Ба­тыс Қазақстан облысындағы аса маңызды әлеуметтік жобаларды анықтап, қолдауды көздейміз, – дейді Айболат Шамұратұлы.

Байқау Елбасы жолдаулары, «Бес әлеуметтік бастама», «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік сая­саты, «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдар­ла­маларында көрсетілгендей, Қа­зақстан Республикасының әлеу­меттік-экономикалық дамуының басымдықтарын ескере отырып, жергілікті қоғамдастық мүдделерін және ҮЕҰ әлеуетінің, Батыс Қазақстан облысында жұмыс іс­тейтін бастамашыл топтардың мүм­кіндіктерін ескере отырып өт­кізілмек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жобаларға жалпы көлемі 2 500 000 теңге грант ретінде бөлінеді.

Гранттар білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу, азаматтардың ден­саулығын сақтау, саламатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортаны қорғау, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау, от­басылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау, жетім балаларға, толық емес жә­не көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету, ха­лықты жұмыспен қамтуды қам­тамасыз етуге жәрдемдесу, аза­маттар мен ұйымдардың құ­қықтарын, заңды мүдделерін қорғау, мәдениет пен өнерді дамыту, тарихи-мәдени мұраны қорғау, қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту секілді сан салалы жобаларға бе­ріледі. Байқауға қатысу үшін ұсы­ныстар 30 маусымға дейін қа­был­данбақ.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары