Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Көкшетаудағы жәрмеңкеде 250 жұмыс орны ұсынылды
19 маусым, 2019 жыл 102 Басып шығару нұсқасы

Көкшетау қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы «Достар» мәдениет сарайында жұмыссыз жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәрмеңкеге 50-ден астам ұйым қатысып, 250 бос жұмыс орнын ұсынды. Іс-шара барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу тәртібін түсіндіріп, ақпараттық брошюралар таратты. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметтегі бос лауазымдарға шолу жасалды. Осындай жәрмеңкелер тұрақты негізде өткізіледі және жұмыссыз азаматтарға жұмыс берушілермен тікелей кездесуге, бос жұмыс орнымен танысуға, қызықтыратын сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беріп, жастардың жұмысқа орналасуына септігін тигізеді.

«Бүгінгі іс-шара болашақ мамандардың жұмысқа тұруына көмектесуге, кәсіби бағыт-бағдар беруге бағытталған. Бұл - жұмыс берушілердің қызметімен, бос жұмыс орындарымен, жұмыс шарттарымен және әлеуметтік қолдауымен танысқысы келетін мамандар үшін жақсы мүмкіндік. Тіпті, мемлекеттік және құқық қорғау органдары үшін де тиімді, себебі олар да талантты, бәсекеге қабілетті кадрларды тартуға қызығушылық танытып отыр»,- дейді департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Гүлмира Евниева. Іс-шараға 200-ге тарта жұмыссыз азамат қатысты. 




Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары