Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
НАИБ МҮФТИ ШЫМКЕНTТІКТЕРДІ ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ (ФОТО)
19 маусым, 2019 жыл 18 Басып шығару нұсқасы

Шымкент қаласына арнайы іс сапармен келген ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Әбдірашұлы Әл Фараби ауданы «Абдулхамид Қаттани» мешітінде жамағатпен кездесті.

Кездесу барысында мешіт жамағатына бірлік пен ынтымақ және түрлі кереғар ағымдар мен топтардың арбауына түсіп қалмау сынды өзекті мәселелерге тоқталды.

«Бірлікті сақтау – ең асыл қасиет. Ол үшін әрбір азамат діні мен ұлттық салт-санасын, тағылымды тарихын біліп, елінің нағыз елжанды азаматы болу қажет», - деді наиб мүфти.

Сондай-ақ, кездесу аясында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тарихи шешіміне орай, шырайлы Шымкент қаласының дербес қала мәртебесіне ие болғанына бір жыл толуына сәйкес қала күнінің мерейлі мерекесімен құттықтады.

Сонымен қатар, жамағаттың көкейде жүрген сұрақтарына кеңінен әсерлі етіп жауап берді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары