Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қостанай: Әулиекөлдегі үлгілі іс
20 маусым, 2019 жыл 7 Басып шығару нұсқасы

Үстіміздегі жылы Қостанай облысының Әулекөл ауданының бас имамы Балахметов Нұрбол Исламұлы басқаратын «Әмит ишан» мешітінің алқа мүшелері өзгелерге үлгі боларлық істер атқарды.

Олар аудандағы бірқатар саудамен айналысатын дүкендерді аралап, ораза айында арақ-шарап сатылмауы жайлы ойларын ортаға салды. Мәселен, дін қызметкерлерінің талап-тілектеріне ерекше көңіл бөлген сауда орындары мен олардың иелерінің аты-жөндеріне тоқтала кеткеніміз жөн болар.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, Ғ.Жансейітова, А.Нұржанов, И.Исмагамбетов, Ә.Қалиева, Г.Кәкімжанқызы басқаратын «Таң-Нұр», «Айнур», «Айшагүл», «Ожан», «Арнұр» секілді сауда орындарында рамазан кезінде сөрелерден арақ-шараптар сатылымнан алып тастады.

Сонымен қатар Құсмұрын елді мекеніндегі «Хақ» мешіті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ораза ұстаған қарияларға азық-түлік пакеттері үлестірілді.

Ал Қадір түні қарсаңында аудандық Әулиекөл ауылындағы тастанды балалар үйіндегі тәрбиеленушілер де өздеріне деген қамқорлыққа дән риза болысты.

Аманқарағай елді мекендерінде күнкөрісі төмен 40 отбасыға да азық-түлік ұсынылды. Бұл қайырымдылық шарасына есімі өңірімізге танымал «Москалев» ЖШС басшысы З. Жаңбыршинов демеушілік жасаған болатын.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары