Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Нұр-Мүбарак университетінде теология мамандығы ашылды
21 маусым, 2019 жыл 7 Басып шығару нұсқасы

Елімізге білікті де білімді исламтанушылар мен дінтанушыларды даярлап келген Нұр-Мүбарак университеті енді теологтарды даярлай бастамақ.

Себебі зайырлы елімізде барлық діндерді және ислам дінін жете білетін мамандардың қажеттілігі артып келеді. Сондықтан кез келген дін маманы ислам дініне де жетік болуы шарт. Осы орайда Нұр-Мүбарак университеті қоғам талап еткен теологтарды даярлауды қолға алды.

"Кез келген талапкер мамандық таңдар кезде «болашақта жұмыс таба аламын ба?» деген сұрақты да қатар ойлануы заңдылық.  Осы орайда «теолог» мемлекеттік қызметкер, тәуелсіз сарапшы, діни қызметкер ретінде бірнеше мемлекеттік мекемелерде еңбек етіп, қазіргі кезеңдегі жұмыс берушілердің басты талаптарына жауап бере алатын білікті маман даярлауды көздеп отырмыз. Мамандардың жұмыспен қамтамасыз етілуі қоғам талабы мен еңбек нарығының сұранысына сай. Ал Нұр-Мүбарак университетінің ерекшелігі, теологтардың ислам дінінен де мықты сауаты болуына ерекше назар аударады. Өйткені біздің қоғамның талабы сол",-деді  проректор, доцент Қайрат Құрманбаев.

Сонымен, «6В022003» шрифтымен бакалавр дәрежесінде 4 жылдық және екінші жоғары білім ретінде 2 жыл мерзімде теолог мамандығын алуға жол ашылды. Құжаттар 7 шілдеге дейін, ал екінші жоғары білім алушыларға тамыз айына дейін құжат қабылданады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары