Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Тараз: Наиб мүфти жаңа мешітті аралады
21 маусым, 2019 жыл 69 Басып шығару нұсқасы

Жамбыл өңірінде Алланың жердегі үйі мешіттер саны жылдан жылға көбейіп келеді. Барысхан алқабында әлі де құрылыс жұмыстары жасалып жатқан жаңа мешітті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Әбдірашұлы аралады.

Ол құрылыс жұмысының жоспарымен танысып, ғимараттың іші-сыртын, ауласында соғылып жатқан қосымша ғимараттарды барып көрді. Наиб мүфтиге Жамбыл облыстық мешіт істері мен құжаттарды заңдастыру бөлімінің маманы Халид Хожахметов пен мешіт салуға демеушілік еткен кәсіпкер азамат жаңа мешіт жайлы мағұлмат беріп, іс-қағаздар жайлы бірер сұрақтар қойды.

Бауыржан  Әбдірашұлы:

"Әрбір мешіттің құжаты болуы тиіс. Мешіттің ресми құжаттарын тіркеу – іс жүргізу процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Басқару қызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді. Басқару құралы ретінде құжаттар жоспарлауда, қаржыландыруда, бухгалтерлік есептеу мен есеп беруде, мешіт қызметіне кадрлар жағынан қамтамасыз ету т.б. қолданылады. Құжаттардың негізінде басқару шешімі қабылданады, даулы мәселелері шешіледі. Қандай ұйымда болмасын, сауатты жасалып, заңды күшке ие болған құжат қана табысты жұмыстың кепілі болып табылады", - деп, Халид Хожахметовтен облыстағы құжаттандыру мәселелері жайын сұрады.

Қызметкерлердің сұрауы бойынша кеңес беріп, өңірдің жұмысы алға баса берсін деген игі тілегін жеткізді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары