Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алматы: Наиб мүфти "Жас қари" телесайысының жеңімпаздарын марапаттады
21 маусым, 2019 жыл 13 Басып шығару нұсқасы

"Жас қари" Құран телесайысының ақтық кезеңі өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды. Сайыс Алматы қаласының Д.Қонаев мешітінде болып өтті.

«Асыл арна» телеарнасының ұйымдастырған тележобасына наиб мүфти Алау Әділбаев арнайы ат басын бұрып, сөз сөйледі. Наиб мүфти өз сөзінде Алланың хақ кәламы – Құран Кәрімнің қадір-қасиеті мен өтіп жатқан жарыстың маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, жарысқа қатысушы жас қариларға сәттілік тілеп, ұйымдастырушылар мен төрешілерге және ата-аналарға үлкен алғысын білдірді.

Содан жеңімпаздарға наиб мүфти Алау Әділбаев, Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек Шоқай және Bio Hayat" компаниясының арнайы өкілі Ринат Әділұлы жүлделерді табыстады.

Қаперлеріңізге сала кетсек, «Жас қари» Құран телесайысына Алматы қалалық мешіттерінің жанындағы діни сауат ашу курстарының 8-ден 13 жас аралығындағы біүлдіршіндеріміз қатысты. Олар Құранның 30-ыншы парасын жатқа оқудан өзара бақ сынады. Нәтижесінде 3-орынды 3 бала еншілеп, әрқайсысына 50 мың теңге көлемінде сыйақы берілді. 2-орын алған 2 шәкіртке 100 мың теңгеден, ал 1- орын алған жеңімпазға 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды. Қалған 18 шәкірттің әрқайсысына велосипедтер тарту етілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары