Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ШҚО: Моңғолия наиб мүфтиі «Халифа Алтай» мешітінде
24 маусым, 2019 жыл 100 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның шет мемлекеттер мүфтиятымен өзара қарым-қатынасты нығайту жұмысының шеңберінде Өскемен аймағының өкілдігі Ресей, Моңғолия мемлекеттеріндегі мешіттермен байланыс орнатып, халықаралық бірқатар спорттық-рухани шаралар ұйымдастырды. Осы шаралардың жалғасы ретінде Моңғолия мемлекеті Мұсылман Ұйымдары одағының төраға орынбасары, наиб мүфти Дәулетбек қажы Құмарханұлы мырза Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды. Құрметті мейманды ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы қарсы алып, мешітті аралатып, таныстырды.

Өкіл имам: «ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазірет пен Моңғолия Мұсылмандарының Бас мүфтиі Батырбек қажы Қадысұлы хазіреттің кездесуінде көтерілген ынтымақтастық байланысты нығайту мақсатында құрметті наиб мүфти Өскеменге арнайы келіп отыр. Біз екі мемлекет мүфтияттарының арасындағы байланысты дамытып, Моңғолиядағы қандас бауырларымыздың рухани сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндігімізше қолдау көрсететін боламыз»,- деп келелі мәселелерге тоқталды.

Наиб мүфти Дәулетбек қажы Құмарханұлы: «Моңғолия мемлекетіндегі ат төбеліндей аз қазақтың арқа сүйрер тірегі ата жұртымыз Қазақстанның дамуы, елдің бейбітшілігі, ынтымағы және екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасы бізді әрдайым қуантады. Екі ел діни басқармаларының арасында байланыс жүйелі дамып келеді»,- дей келе моңғолиялық қандастардың сәлемін жеткізді. Ол сонымен қатар өкіл имам Ермек Қасболатұлына Мұсылман Ұйымдары одағының «Алғыс хатын» табыс етті.

Кездесу барысында Моңғолия мешіттерін оқулық, діни кітаптармен қамту, діни мамандар даярлап беру, бірлескен рухани шаралар ұйымдастыру секілді мәселелер сөз болды. 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары