Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Тараз: Халал өнімдердің жәрмеңкесі өтті
24 маусым, 2019 жыл 20 Басып шығару нұсқасы

Бүгін «Һибатулла Тарази» мешітінде «Халал» сертификатын алған өндірістердің өнімдері ұсынылған жәрмеңе өтті. Шараға Нұр-Сұлтан қаласынан келген ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС ұйымының сарапшы-технолог мамандары қатысты. 

Жәрмеңкені ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, бас имам Қанат Жұмағұл ашып: «Біздіңше, халал өнім дегеніміз не? Ол доңыз еті, спирттік қоспалар қосылмаған өнім деп қысқаша түсінетіндер бар. Негізі, халал өнім дегеніміз – сапалы өнім. Адам баласының денсаулығына зиянын тигізбейтін, пайдасы бар зат дегенді білдіреді. Қазақстан бойынша халал сертификатын алғандардың ішінде 25-30 пайызы Жамбыл облысынан шығатын тағамдар» ,- деп атап өтті.

ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС ұйымының жетекшілігімен өткен іс-шараға сауда орталықтарының басшылары, қала тұрғындары келіп қатысты. Ал көпшілікке ЖК Досматов, ЖК Тахир, ЖК Исматов, «Әулиета құс», «Дас», «Ақниет», ЖК Қыдырбаев сынды 10 шақты халал өндіріс орындарының өнімдері ұсынылды.

ҚМДБ «Халал Даму» ұйымының Жамбыл облысындағы өкілі Нұрматжан Миразизов Жамбыл облысын «Халал шұжықтың орталығы» деп атады. Жәрмеңке аталған халал тағамдарға жарнама жасай отырып, халықты адал ас тұтынуға шақырды. Ал сауда орталықтарының иелері болса, жәрмеңкеде ұсынылған өндіріс орындарымен келісім шарт жасасуға, өз сауда орындарында осы өнімдерді сатуға шақырды.

Өкіл имам шара соңында ҚМДБ халал сертификатын тек Қазақстан фабрика, цехтары ғана емес, көршілес Ресей сынды елдер де алып жатқанын, алуға тырысып жатқанын жеткізді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары