Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Сарыағаш: Құрылысы бітпеген мешіт арыстықтарға есігін ашты
25 маусым, 2019 жыл 7 Басып шығару нұсқасы

Арыс қаласынан үдере көшкен жұрт мешіттерде жан сауғалауда. Сарыағаш ауданында 6 мешітке 500-дей адам орналыстырылды.

Әлі құрылысы бітпеген мешітке де жүз адам жайғасты. Оларға төсеніш пен ас-су жан-жақтағы мешіттерден жеткізіліп жатыр.

Істің басы-қасында ауданның бас имамы Тұрлыбек Төлебек жүр. Абайсызда осындай күйге түскен арыстықтармен тілдесіп, көңілін аулап бағуда.

Мешіттерде қазан асылып, ыстық тамақ әзірленіп жатыр. Мешіт қызметкерлері түгел аяқтарынан тік тұрып, көмек көрсетуде.

Бала-бақшалардан балаларын таппай қалған ата-аналардың бір қатары Сарыағашта қауышты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары