Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Нұр-Мүбарак университетінің даму жоспары талқыланды
25 маусым, 2019 жыл 112 Басып шығару нұсқасы

Жаңа мамандықтар, жаңа жобалар, жаңа жоспарлар, т.б. қазіргі жаһандану кезеңінде өзгерістер мен жаңалықтар күнделікті үлгеріп, ілесуді емес, жаңа бастамалармен алға жүруді талап етуде. Сондықтан Нұр-Мүбарак университетінің басшылығы оқу орнының даму стратегиясына қатысты біршама бастамалар, өзгертулер мен толықтырулар енгізуді қолға алды.

"Студенттер санының артуына орай жақын уақытта оқу кешенінің жетіспеушілігі туындалатыны ескеріліп, жаңа ғимарат құрылысына қатысты жұмыстар жасалып жатқаны белгілі. Әрі қоғамға қажетті шариғат шеңберіндегі жаңа мамандықтарды ашу барлығы болашақ даму жоспарымызда. Сондықтан стратегиялық даму жолын нақты әрі тиімді жүзеге асыру тек университет үшін ғана емес, еліміздің дамуына орасан игілікті іс",- деді проректор, доцент Қайрат Құрманбев.

Басқарма, бөлім басшылары ортаға ойларын қосып, университеттің тыныс-тіршілігіндегі қажеттіліктер мен талаптарды да айта келе, болашақта білімді де білікті исламтанушы, теолог, дінтанушы мамандарды даярлауға қатысты ойларымен бөлісіп, пікір алмасып, ұсыныстарын жасады. Енді болашақта білікті ұжымның жасампаз ой-пікірімен ұштасқан жаңа стратегиялық даму жоспары дүниеге келмек.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары