Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Семей: Зағип жандарға дәстүрлі брайль Құран курсы басталды
26 маусым, 2019 жыл 93 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей аймағы бойынша өкілдігі, Семей қалалық «Шәкәрім қажы» мешітінде жылдағы үрдіске сай Қазақстанның түпкір-түкпірінен жиналған шәкірттер брайль Құран курсына қатысуда. Курсқа жас ерекшелігі әртүрлі зағип жандар Қазақстанның бірі Батысынан, бірі Оңтүстігінен, енді бірі Солтүстігі мен Шығысынан жиналды. Шәкірттердің саны он. Шәкірттердің арасында кейбірі жана брайль әрпімен танысуды бастаса, енді бірі Құранның жүзінен оқи алатын және бірнеше пара жаттап үлгерген азаматтар.

Курс бір ай көлемінде жалғаспақ. Оқу барысына жетекшілік жасап жүрген бүкіл әлемдік Малазия ислам университетінің студенті Шакиров Асқар бауырымыз. Оқуға пайдаланып жатқан Құран, әліппелер және т.б. оқу құралдары Малазия зағиптар қоғамының ұйытқы болуымен Қазақ еліне жеткізілген.

Айтулы шара қалалық демеушілердің қолдауымен жүзеге асуда.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары