Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Атырауда имамдар аттестациялық сынақтан өтті
26 маусым, 2019 жыл 13 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Атыраудың орталық «Иманғали» мешітінде аймаққа қарасты имамдар аттестациядан өтті.

Аттестациялық сынаққа барлығы 79 имам қатысып, өз білімдерін сарапқа салды. Сынақ екі кезең бойынша өтті. Басты жаңалық сол - сынақты имамдар автоматтандырылған режимде, яғни, компьютерге енгізілген бағдарлама арқылы тапсырды. Бұл дегеніңіз - цифрландыру саласындағы соны жаңалықтар мүфтияттың Атырау өкілдігіне енді деген сөз. 

Бірінші кезеңде имамдар қырағат, тәжуид, ислам тарихы, тұғырнама және тұжырымдама бойынша ауызша сынақ тапсырып, тақырыптар бойынша сауалдарға жауап берді. Екінші кезең тест сұрақтарына құрылды. Бұл кезеңде имамдар ақида, фиқһ және әкімшілік жүйе (қолданыстағы заңнамалар) бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап берді.

Баллдық жүйе бойынша білім сараланған аттестацияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары – наиб мүфти Алау Әділбаев төрағалық етті. Сондай ақ, сынақ комиссиясы құрамында  мүфтияттың шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоханов, Діни істер жəне талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет болды.

Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдардың білім деңгейі мен біліктілігін арттыру мақсатында аттестациялау, тағайындау және ұсынудың жаңа тәртібін қалыптастырды. Осылайша, мүфтияттың Ғұламалар кеңесі имамдарды аттестациялаудың өзіндік ережесін бекітті. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары