Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақтөбе: Балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсы
26 маусым, 2019 жыл 112 Басып шығару нұсқасы

12 маусымда Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің жанынан мектеп оқушыларына арналған жазғы күндізгі діни сауат ашу курсы ашылған болатын. 3 кезеңнен тұратын және әр маусымы 3 аптадан құралатын курстың алғашқы кезеңі 2 шілдеге дейін жалғаспақшы.

Діни сауат ашу курсының алғашқы кезеңінде 8-13 жас аралығындағы 60 бала қабылданды. Олардың ішінде 30 – қыз бала, 30 – ер бала бар. Ер балалар – «Нұр Ғасыр» мешітінде, ал қыз балалар – қалалық әйелдер сауат ашу орталығында оқиды. Ақылы негізде қарастырылған курста әр балаға ата-анасы 15 мың теңгеден төлейді. Төлемақыға: үш мезгіл тамақтандыру, мұғалімдердің еңбекақысы, түрлі көрнекілік құралдары және тағы басқа шығындар кіреді.

Оқытылатын негізгі бағдарлама: Құран әліппесі, Тәжуид ережелері, Құран кәрім (оқытып, жаттату); Намаз сабақтары; Пайғамбар өмірбаяны; Әдеп дәрістері (дұғалар жаттату); Алла Тағаланың 99 есімі (жаттату). Сондай-ақ, спорттық, зияткерлік сайыстар мен мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

Өткен Жұмада қалалық әйелдер сауат ашу орталығында орналасқан жазғы күндізгі діни сауат ашу курсына жазылған қыз балалар тобында «Ойна да, ойла» тақырыбымен зияткерлік сайысы өткізілді. Әйел ұстаздар ұжымы ұйымдастырған бұл іс-шара керемет қызықты да мазмұнды болып өтті. 2 топта білім алып жатқан шәкірттер «Өзін таныстыру», «Шапшаң тіл», «Өткір көз», «Өнер сайысы» сынды т.б. кезеңдерде өзара сайысып, білімі мен өнерін сарапқа салды. Нәтижесінде «Раушан» тобы «Раянадан» басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Мұнымен қоса, зияткерлік сайысында белсенділік танытқан балаларға «Ең зерек шәкірт», «Ең жігерлі шәкірт», «Ең тапқыр шәкірт», «Ең жылдам шәкірт», «Ең өнерлі шәкірт» санаттары бойынша «Мадақтама» берілді. Бұл сайыста Хадиша есімді 7 жасар бүлдіршініміздің аз уақыт ішінде Алла тағаланың 66 есімін жаттап, мүдірместен айтып бергені, көңілімізге айрықша қуаныш ұялатты.

Сайыстың соңында барлық қатысушы бүлдіршіндерге түрлі тәттілер мен сусындар үлестірілді.

Еске сала кетейік, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің балаларға арналған жазғы күндізгі діни сауат ашу курсының келесі, екінші кезеңі: 8-27 шілде аралығында, ал соңғы, үшінші кезең: 29 шілде - 17 тамыз аралығында қарастырылып отыр.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары