Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Айдын Рахымбаев Арыстағы 100 үйді қайта қалпына келтіруге 100 млн теңге бөлді
26 маусым, 2019 жыл 9 Басып шығару нұсқасы

Танымал отандық кәсіпкер, BI Group құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Арыстағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындардың үйлерін жөндеп беруге дайын екенін хабарлады.

«Біздің компанияның қызметкерлері де сол жерде, Арыс тұрғындарына көмектесіп жатыр. Әскерилердің қалаға кіруге рұқсат бергенін күтіп отырмыз. Сол кезде үйлерді жөндеуге кірісеміз. Біздің команда Түркістан және Шымкенттен құрлысқа қажетті материалдармен шығуға  дайын. 100 млн теңге бөлдік. Бұл қаржы кемі 100 үйді жөндеуге жетіп қалар деп ойлаймын. егер қажет болып жатса, үстінен тағы қосамыз. Жерлерстер өздеріңізге бекем болыңыздар, бәрі жақсы болады. Біз сіздермен біргеміз», – деп жазды кәсіпкер әлеуметтік желідегі парақшасына. 

Айта кетейік, 24 маусым күні таңертең Шымкент қаласынан 97 км жердегі Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында өрт шықты. Өрттің соңы жарылысқа ұласты. Түркістан облысының әкімі төтенше жағдай жариялап, қаладан 45 мың адам эвакуацияланды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары