Қарағанды 05:22 Таң
  • 05:22 Таң
  • 06:48 Күн
  • 13:18 Бесін
  • 17:39 Екінті
  • 19:38 Шам
  • 21:04 Құптан
  • Жәйрем
  • Қарағанды
  • Алматы
  • Астана
  • Аягөз
  • Ақтау
  • Ақсай
  • Ақтөбе
  • Арал
  • Арқалық
  • Атбасар
  • Атырау
  • Байқоңыр
  • Балқаш
  • Бейнеу
  • Екібастұз
  • Жаңаөзен
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Жаңатас
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Жетісай
  • Қазалы
  • Қапшағай
  • Қандыағаш
  • Қаратау
  • Қостанай
  • Көкшетау
  • Құлсары
  • Қызылорда
  • Мақат
  • Миялы
  • Орал
  • Өскемен
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарыағаш
  • Сарыөзек
  • Семей
  • Сәтбаев
  • Степногорск
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Үшарал
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шалқар
  • Шардара
  • Шымкент
  • Радио
  • Кіру
Маямеров Ержан Малғажыұлы
1972 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті тәмамдаған; 1991-1992 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, сол жылы Мысырдағы әлем мұсылмандарының әйгілі Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат ...

БАЙЛЫҚТЫҢ БЕРЕКЕСІ – ӨЗГЕГЕ КӨМЕКТЕСУ (Зекет – бес парыздың бірі)

Зекет сөзі Құран Кәрімде көбіне намазбен қосарланып келген. Ислам дінінің негізгі тіректерінің ретінде де намаздан кейін келеді. Оның адамдардың жанын тазартуда, мінез-құлықтарын жақсартуда ерекше бір әсері бар. Ол қоғамдағы түрлі дерттерге, қарым-қатынастардағы салқын қабақтылыққа қарсы таптырмас дауа. Ол үмбеттің ішкі байланыстарын нығайта түсетін берік жіптей жалғау. Мүшелерін біріктіреді, қажеттіліктерін өтейді, олардың арасындағы пақырлық пен мұқтаждықтың тауқыметін сыртқа тықсырып шығарады. Қоғамдық таптардың арасындағы тартыстарды мәңгілікке тоқтатады. Зекет сонымен бірге жылылық пен мейірімнің, ынтымақ пен ақ ниеттіліктің, жандарды жадыратып, жүректерді біріктірудің, жасақтарды жарақтандырып, кіріптарлықты жоюдың және жалпы үмбеттің мүдделерін өтеудің бір көркем мысалы.

Осындай себептерге байланысты бұл парыз әрбір діннің рәмізіне айналды. Қандай пайғамбар болмасын адамдарды дәл намаз оқуға шақырғанындай нақ осы парызды орындауға да үндеген.

Мысалы Алла Тағала Иса (а.с.) пайғамбар туралы: «Ол (Алла) маған тірі болған шағымда намаз оқуымды, зекет беруімді өсиет етті» (Мариям, 31), – десе, ал Исмаил пайғамбар (а.с.) туралы: «Ол (Исмаил) жанұясына намаз оқуға, зекетті орындауға бұйыратын және Раббысынан разылыққа бөленген еді» (Мариям, 55), – дейді. 

Даңқты әрі ұлық Алла Тағала Бәни Исраилға былайша деп уәде еткен: «Егер намаз оқып, зекет беріп, Менің пайғамбарларыма иман келтіріп, оларға көмектесіп, Аллаға көркем қарыз берсеңдер, әлбетте, жамандықтарыңды жойып, астарынан өзен ағатын бақтарға кіргіземін» (Мәида, 12).

Ал пайғамбарлар туралы былай дейді: «Біз оларды бұйрығымызбен тура жол сілтейтін жолбасшылар еттік. Біз оларға қайырлы істерді істеуді, намаз оқуды және зекет беруді уахи еттік. Олар бізге құлшылық қылатын еді» (Әнбия, 73).

Ислам діні тарихында ғибадаттың осы түрінің парыздылығын нақтылап, қуаттайтын, оны орындауға бұйыратын қаншама дәлелдер бар десеңізші, сондай-ақ, мұсылман әміршілері мен бүкіл үмбеттің оған қаншалықты маңыз беріп, соның жолында қалай күрескендері туралы қаншама жарқын мысалдар бар десеңізші.

Алла Тағала Пайғамбарымызға (ﷺ) да мұсылмандардан зекет алуды бұйырып былай деген: «Олардың мал-мүліктерінен өздерін тазартып, ақтайтын садақа ал және олар үшін дұға қыл. Шынында сенің дұғаң олар үшін бір тыныштық. Алла бәрін естуші, білуші» (Тәубе, 103).

Сондай-ақ, барлық иман келтіргендерге арналған мынадай әмір бар: «Намаз оқыңдар және зекет беріңдер және елшіге бойсұныңдар, бәлкім, сонда рахымға бөленерсіңдер» (Нұр, 56).

Алланың елшісі (ﷺ) өзінің хадистерінде зекеттің Ислам дінінің ең басты парыздарының бірі екендігін баса айтып өткен. Мысалы, аса танымал хадисінде ол (ﷺ) былай дейді: «Ислам бес нәрседен: Алладан басқа құдай жоқ екендігіне және Мұхаммед Алланың елшісі екендігіне куәлік беруден, намаз оқудан, зекет беруден, қажылықтан және рамазан айында ораза тұтудан құралған», – деген. (Бұхари мен Мүслім риуаят еткен).

Абдулла ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Алланың елшісі (ﷺ) Муғаз ибн Жәбәлді Йеменге жіберіп жатып оған былай деді: «Әуел оларды Алладан басқа құдай жоқ екендігі және менің Алланың елшісі екендігім туралы куәлікке шақыр. Егер олар оған мойынсұнса, Алланың оларға әрбір күн мен түні бес уақыт намаз парыз еткендігін жеткіз. Егер олар оған мойынсұнса, Алланың олардың мал-мүліктерінен, байларынан алынып, кедейлеріне қайтарылатын зекетті парыз еткендігін жеткіз», – деген. (Бұхари мен Мүслім риуаят еткен).

Пайғамбарымыз (ﷺ) зекет шығарудан мал-мүліктің кемімейтіндігін, керісінше, көбейіп, береке даритындығын, қызғаншақтардың көздерінен, ашкөздердің бұзық ниеттерінен қорғайтындығын айтқан.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алланың елшісі (ﷺ) былай деген: «Садақа ешбір малды кемітпейді. Алла біреуге кешірім жасаған пендесінің абыройын асырады. Кімде-кім Алла үшін кішіпейіл болса, Алла оның дәрежесін көтереді». Мүслім риуаят еткен.

Алла Тағала берген мал-мүліктің зекетін, садақасын беру әрбір мұсылман үшін міндетті іс болып саналады.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (ﷺ) былай дейді: «Пенделер аман тұрған әрбір күні екі періште түседі. Олардың бірі: «Уа, Алла! Қайыр-садақа берушіге қарымта бер», – дейді, ал екіншісі: «Уа, Алла! Қайыр бермегенге зиян жібер», – дейді». Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

Даңқты әрі ұлы Алла мұсылман қоғамын ізгі іс пен намаз оқуға, зекет беруге ынтымақтаса кірісетін береке тұнған, бақ қонған қайырлы қоғам ретінде сипаттаған. Алла Тағала былай дейді: «Олар (иман келтіргендер) сондай: егер Біз оларға жер бетінде бір билік берсек, олар намаз оқып, зекет беріп, жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыяды. Ал барлық істердің соңы Аллаға тән» (Хаж, 41);

«Иман келтірген ерлер мен иман келтірген әйелдер бір-бірлеріне жанашыр,  олар жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыяды, намаз оқиды, зекет береді, Алла мен Оның елшісіне мойынсұнады. Міне, соларға Алла рахым етеді. Расында, Алла даңқты әрі аса дана» (Тәубе, 71).

Иман келтіргендердің бір-біріне өте жанашыр, мейірбан болатындығы туралы Пайғамбар (ﷺ) да өзінің хадистерінде нақтылап өткен.

Алланың елшісі (ﷺ): «Иман келтіргендердің бір-бірлеріне деген сүйіспеншіліктерінің, мейірімділіктерінің және бір-бірлеріне деген жанашырлықтарының мысалы біртұтас денеге ұқсас. Егер ондағы бір мүше ауырса, сол үшін бүкіл дене ұйықтамай, қызуы көтеріліп қобалжиды», – деген. Мүслім риуаят еткен.

Жоғарыда айтылған жайттардан кейін бізге зекет бермеушінің қылмысының сорақылығы және асыл дініміз бен басқа мұсылмандарға тигізетін зардабы айқындала түседі. Осыдан кейін біз Әбу Бәкірдің (р.а.) зекет бермеушілерге қарсы күрес жариялауының дұрыс, әділ шешім екендігін көреміз. Сол шақтарда ол: «Уаллаһи, намаз бен зекеттің арасын бөлушілерге қарсы сөзсіз күресемін! Шындығында зекет Алла берген мал-мүліктің ақысы. Уаллаһи, егер олар кезінде Алланың елшісіне () беріп жүрген  бір лақты бермейтін болса да мен сол үшін күресемін», – деген әйгілі сөзін айтқан болатын.

Төменде зекет бермеудің үкімін және оның апатқа ұшыратушы ауыр күнә екендігін баяндайтын дәлелдер берілді. Бұл егер зекет бермеген адам оның парыздығын теріске шығармаған жағдайдағы үкім. Керісінше жағдайда ол Алла сақтасын, Ислам дінінен шығып кеткен болып есептеледі. Өйткені зекет Ислам дінінің әрбір мұсылман біліп, мойындауға міндетті ең басты тіректерінің бірі.

Алла Тағала былай дейді:

«...Серік қосушыларға қандай өкініш! Олар зекет бермейді әрі ақыретке де мүлде сенбейді» (Фұссилат, 6, 7);

«...Алтын мен күмісті жинап, оларды Алла жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле. Сол күні (Қиямет күні) олар (алтын мен күмістері) жәһәннам отына қыздырылып, онымен олардың маңдайлары, қабырғалары және арқалары күйдіріледі де: «Мынау өздерің үшін жиғандарың. Ал енді жиғандарыңның дәмін тартыңдар», – делінеді» (Тәубе, 34, 35);

«Алла берген артықшылықтардан (зекет, садақа шығаруға) сараңдық танытатындар оларын өздеріне бір жақсылық деп ойламасын. Керісінше, ол олар үшін бір жамандық. Қиямет күні сол сараңдық танытқан нәрселері олардың мойындарына оралады. Көктер мен жердің мирасы Аллаға тән. Әрі Алла сендердің не істегендеріңнен хабардар» (Әли Имран, 180).

Соңғы аяттың түсініктемесі ретінде Пайғамбарымыздың (ﷺ) төмендегідей хадисі бар.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (ﷺ): «Кімге Алла мал беріп, ол одан зекет бермесе, Қиямет күні сол малы оған басы жылтыр, екі көзінің үстінде екі қара белгісі бар аждаһа жылан түрінде келіп, Қиямет күні оны орап алады. Сосын екі езуімен оның қолын тістеп: «Мен сенің мал-мүлкіңмін, мен сенің қазынаңмын», – дейді», – деп, «Алла берген артықшылықтардан (зекет, садақа шығаруға) сараңдық танытатындар соны өздеріне бір жақсылық деп ойламасын...» деген аятты (Әли Имран сүресінің 180-аятын) оқыған. Бұхари риуаят еткен.

Пайғамбар (ﷺ) хадистерінде зекет бермеудің үлкен күнә екендігін баса айтып, одан өзінің үмбетін қатаң сақтандырған. Зекеті берілмеген мал-мүлік Қиямет күні өзінің иесін азаптап, қинайды екен. Мына хадиске назар аударыңыз.

Жәбірден (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (ﷺ) былай дейді: «Қандай да бір түйелердің иесі (сол түйелерінің) ақысын – зекетін бермесе ол кең, тақыр далада етпетінен жатқызылады да өзі білетін түйелерінің саны бұрынғыдан әлденеше есе молайып, оның үстінен тұяқтарымен, аяқтарымен таптап өтеді. Қандай да бір сиырдың иесі (сол сиырларының) ақысын – зекетін бермесе, ол кең, тақыр далада етпетінен жатқызылады да өзі білетін сиырларының саны бұрынғыдан әлденеше есе молайып, оны мүйіздерімен сүзгілеп, тұяқтарымен таптап өтеді. Сонда олардың арасында тоқалы, мүйізі сынғаны болмайды. Қандай да бір қазынаның (алтын-күмістің) иесі оның зекетін бермесе, Қиямет күні ол қазынасы басы жылтыр үлкен аждаһа жылан түрінде келіп, аузын ашып оның қыр соңынан қалмай қуады. Жылан жақындап келгенде ол қашады. Сол кезде: «Осыған дейін тығып келген қазынаңды ал! Мен (Алла) оған мұқтаж емеспін!» деген дауыс естіледі. Ақырында қашып құтылмасын білген соң ол қолын аждаһаның аузына салады. Сол кезде ол оны бураның шайнағаны сияқты шайнап тастайды». Мүслім риуаят еткен. 

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (ﷺ) былай дейді: «Тозаққа бірінші түсетін үш адам: шектен шыққан қатыгез әмірші, малынан Алланың хағын – зекетті өтемейтін мал-мүлік иесі және мақтаншақ, кердең кедей».Ибн Хиббан риуаят еткен.

Абдулла ибн Масғұд (р.а.) жеткізген хадисте Алланың елшісі (ﷺ): «Намаз оқуға, зекет беруге бұйырылдық. Сондықтан кім зекетін өтемесе, оның намазы қабыл болмайды», – деген. Табарани риуаят еткен.

Малынан зекет бермеген адамның жазасы, міне, осындай. Алладан қорықпай, Оның және Оның пенделерінің хағына бей-жай қарайтын ең ауыр қылмысты шімірікпей істейтін адасушы ғана осыншалықты дәрежедегі күнәға батады.

Ықылым заманнан бері Алла – хақ, Сүннет – жолымыз деген ұстанымды ұстаған қазақ халқы  да зекеттің Жаратқан Ие міндеттеген парыз екендігіне кәміл сеніп, байлары мал-мүліктерінен межелі мөлшерді шығарып отырған.  Хәкім Абай мұсылман шариғатының парыздарын бір өлеңінде:

Руза, намаз, зекет, хаж - талассыз іс,

Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс, –

деп жеткізсе, келесі бір шығармасында әкесі Құнанбайдың дініне беріктігін, жарлы-жақыбайға жомарттығын былай сипаттайды:

Мұсылманға қоймаған

Орынсыз жанжал шатақты,

Ерегіскен жауларын

Кісен салып матапты.

Зекет жиып, егін сап,

Тойдырған ғаріп, жатақты.

Ескендір, Темір, Шыңғыстай

Мұсылманда атақты.

Садақа шығару, зекет беру, қайырымды істермен айналысу шынайы мейірімді әрі жомарттың ғана қолынен келетін іс. Ал қайырымсыз, рақымсыз сараңнан садақа шықпайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде мал-мүлкін орнымен жұмсайтын дәулетті кісінің дәрежесін былайша сипаттаған екен: «Тек екі адамға ғана қызыға қарауға болады. Біріншісі – Алла байлық беріп, оны хақ жолында жұмсайтын кісі, екіншісі – Алла білім беріп, оны басқаларға үйрететін кісі» (Бұхари, Мүслім).

Қайсыбір заманда, қайсыбір қоғамда қайырымдылыққа мұқтаждық  әрдайым болып отырады. Қайырымды істер қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік теңдік пен татулықты нығайтады. Жоқ-жітікке, жетім-жесірге, мұқтаж жандарға, білім қуушыларға, дәрменсіз бен мүсәпірге көмек қолын созып, жомарттық таныту арқылы Жаратқанға шүкіршілік етіп, шарғи міндетімізді орындаймыз. Барымызды басқалармен бірге бөлісу көңілімізді де орнықтырып, қуанышқа бөлейді, ал ақыреттегі сауабы жұмақ бейіштеріне жетелейді.

Алла Тағаладан алдымен ең басты байлық – айнымас иманды тілейміз. Жаратқан Ие екі дүниенің жақсылығын берсін. Мал-мүліктерінің хағын, кедейлердің несібесін – зекеттерін бермей жүрген мұсылман бауырларымызға һидаят, тауфиқ бергей!

Әлішер Спанов,

ҚМДБ «Зекет» қорының атқарушы директоры

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    07 желтоқсан 2016 жыл АЛМАТЫДА МӘУЛІТ КЕШІ ӨТЕДІ
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика