Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Имани жаз» – иманды және ұлтжанды жастар тәрбиелеу курсы (ФОТО) 
27 маусым, 2019 жыл 6 Басып шығару нұсқасы

«Нұр Астана» мешітінде «Имани жаз – 2019» жазғы сауат ашу курсы аясында жас жеткіншектер ұлттық құндылықтармен танысуда, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Жаз айларында барлық ата-ана балаларының демалысын тиімді өткізгісі келері ақиқат. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттер жылда жергілікті жамағаттың бүлдіршіндеріне арналған діни сауат ашу курстарын тұрақты өткізуде. Бұл курстардың тиімділігі сонда, балалар тек діни сауат ашумен айналыспайды, сондай-ақ әдеп сабақтарын, салтымызға сіңген сүннеттер мен ғұрпымызға айналған дәстүрлерімізді бойына сіңіреді. Сонымен бірге мешіт ұстаздары жылдан жылға курстың мазмұнын тереңдету үшін еңбектенуде. Ал балалармен жұмыс істеуге медресе шәкірттері тартылуда. Бұл бір жағынан шәкірттер үшін ұстаздық жолында жинақтаған тәжірибе болса, екінші жағынан жас жеткіншектер үшін ұлттық дүниетанымымызбен астарласып кеткен діни негіздерімізді дұрыс, сенімді кісілерден үйрену мүмкіндігі.  

«Нұр Астана» мешіті де жылда ұйымдастырылып жүрген «Имани жаз» сауат ашу курсына биыл ерекше дайындықпен кірісті. Жылдағы үрдіс бойынша өтетін «Дәстүрім – діңгегім» сабағында «ұлдың жолы – ұлы жол», «қыздың жолы – жіңішке» тақырыптарында қазақи дүниетанымыз  бойынша ұл бала мен қыз балаға тән қасиеттер мен қоғамдағы рөлдері жайында мағлұматтар берілді. Сонымен бірге ұл балаларға «батырлар жыры», «ат әбзелдері», «жылу жинау», «шүлен тарату», «қазан шегелеу», «тоқым қағар», «ашайға мінгізу» сияқты тақырыптарда сабақтар жүргізілді. Ал қыз балаларға «аруларға арналған ұлттық бас киім үлгілері», «бүгінгі қыз – ертеңгі ана», «қыз өссе – елдің көркі», «қыз намысы – ел намысы» сияқты тақырыптарда дәрістер өтті.

Сондай-ақ «мақал-мәтелдер ғасырлар шежіресі», «адамгершілік – асыл қасиет», «базарлық, байғазы, бастаңғы дәстүрлері» сияқты ортақ тақырыптар да қамтылды.  

«Жастай алған білім тасқа қашап жазғандай деп дана халқымыз айтқандай, өскелең ұрпақтың санасы білімге ашық кезінде ұлттық дүниетанымымызбен сусындауы өте маңызды. Себебі, осы кезде ұл баланы да, қыз баланы да ертеңгі жауапкершілікке дайындап, өсірсек онда қоғамда орын алып отырған жауапсыз әкелер мен безбүйрек аналардың пайызы біршама азайған болар еді. Осыны ескере отырып, біз «Имани жаз» сауат ашу курсында биыл ұл балалар мен қыз балаларға «Дәстүрім – діңгегім» атты сабақта болашақ жігіттер мен бойжеткен арулардың міндеттері мен жауапкершіліктері, қоғамдағы рөлі жайында және олардың бойында болу керек қасиеттерді дамытатын дәстүрлер мен жоралғыларды бөлек-бөлек өтуді жөн көрдік», - деді «Имани жаз» сауат ашу курсына жауапты, «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Нариман Исенов.

Сонымен бірге курс аясында бүлдіршіндерге «Қазақ елі», «Толағай», «Қазақстан барысы» сияқты патриоттық анимациялық фильмдер көрсетілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары