Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫ: БИЫЛ ҚАЖЫЛАРҒА ЭЛЕКТРОНДЫ ВИЗА БЕРІЛЕДІ (ФОТО)
27 маусым, 2019 жыл 87 Басып шығару нұсқасы

Сауд Арабия билігі биылғы қажылыққа виза алу жолын оңтайландырды. Әлемнің әр түкпірінен баратын азаматтар енді қажылық визасын электронды жүйе арқылы алады.

Аталған жүйе Рамазан айында тәжірибе ретінде енгізілген болатын. Нәтижесінде ұмраға келушілер саны 30 пайызға артқан.

Өйткені әлемнің кейбір елдерінде Корольдіктің консулдық қызмет көрсету орталықтарының болмауының себебінен қиындықтар болатын. Осыған орай Сауд Арабияның Қажылық және Ұмра мен Сыртқы істер министрлігі бірігіп жаңашылдық енгізіп отыр.

Биылдан бастап елімізден баратын барлық қажылар осы жүйені қолданады дейді ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жанділла Бекжігітов.

«Мұның ұтымды тұсы көп. Енді Қажылық-2019 маусымына отандастарымызға қызмет ұсынып отырған еліміздегі Қажылықпен айналысуға қабілетті деп танылған турфирмалар парызын өтеушілердің визасын Нұр-Сұлтан қаласындағы Сауд Арабиясының елшілігіне төлқұжат ұсынбай-ақ электронды жүйе арқылы рәсімдей алады. Бұған дейін виза алудың уақыты бірнеше күнге созылса, қазір бір сағатта дайын болады. Осындай электронды виза беру үдерісіне көшкен Сауд Арабиясы Таяу Шығыс аймағындағы Үкіметтік электронды қызметті қолға алған алғашқы ел. Мұндай өзгеріс тіпті біздегі қажылық компаниялары үшін де тиімді екенін айтқым келеді»

Айта кетейік бұған дейін парызын өтеушілердің құжаттары әр облыстан жиналып, Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілетін. Енді әрбір қажылық фирмалары өз кеңсесінен қажетті құжаттарды рәсімдеп, виза алудың жеңіл түріне қол жеткізбек.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары