Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалардың грантқа түсу мүмкіндігі артты
03 шілде, 2019 жыл 87 Басып шығару нұсқасы

Тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалардың грантқа түсу мүмкіндігі артты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, тұрмысы төмен отбасынан шыққан талапкерлерге берілетін гранттар 5-10 тамыз аралығында сарапқа салынады. Білім министрі аз қамтылған және көпбалалы жанұядан шыққан түлектерге 5 мың гранттың қалай үлестірілетінін айтып берді.

"Осы грантқа ие болу үшін үміткерлер алдымен, 21-31 шілде аралығында өтетін негізгі республикалық конкурсқа қатысып, бағын сынайды. Егер осы жалпы конкурс бойынша көпбалалы және аз қамтылған отбасының түлектері грантқа ие бола алмаса, көмек ретінде бөлінген 5 мың грантқа үміт арта алады", - деді министр.

Дегенмен осы 5 гранттың бірін иеленуі үшін түлектер ҰБТ-дан сүрінбей, кемі 50 балл жинауы керек. Кейін жергілікті әкімдікке барып, екінші конкурсқа қатысу үшін өтініш беруі керек. Ондағылар талапкердің әлеуметтік жағдайын тексереді. Егер түлек көпбалалы немесе атаулы әлеуметтік көмек алатын жанұяның ұл-қызы болса, 5-10 тамыз аралығында өтетін екінші конкурсқа қатысады. Гранттар еңбек нарығына яғни, сұранысқа ие мамандықтарға сай бөлінеді екен.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары