Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Маңғыстау халқы Арысқа көмек көрсетті
03 шілде, 2019 жыл 108 Басып шығару нұсқасы

Қапыда қиын жағдайға ұшыраған арыстық ағайындарға көмек көрсетушілер қатарына Маңғыстау жұртшылығы да қосылды. Атап айтқанда облысқа қарасты мешіттерде арыстық ағайынға қол ұшын беру үшін жамағатқа үндеу тасталған болатын. 

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков жамағат тарапынан жиналған қаржыны арыстық ағайындарға жеткізу мақсатында Арыс қаласына арнайы барды. Түркістан облысының өкіл имамы Мұсабек Ақтамберді және Арыс қаласының имамдарымен кездесіп, қайырымдылық мәселесін талқылады. Мешітте жамағатпен намаз оқып, өкіл имам С.Сейтбеков жамағатқа маңғыстау жұртының сәлемін жеткізді. Орын алған апатқа сабыр етулерін айта келе, Маңғыстау жұртының Арыспен бірге екенін жеткізді.

Өкіл имам апаттан зардап шеккен аймақты аралап, Арыстық ағайындарға Маңғыстау жұртының тілеулес екенін айтып, жамағаттың аманатын табыстады.


 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары