Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Тараз: Меркі ауданының мешіті қайта жөндеуден өтті
03 шілде, 2019 жыл 24 Басып шығару нұсқасы

Меркі ауданында орналасқан "Жүніс молда" мешіті жөндеуден өткізіліп, халыққа пайдалануға берілді. 

Меркі ауданының бас имамы Батырбек Қасымалиевтың ұйымдастыруымен жаңартылған мешіттің ашылу салтанаты өтті. Ресми іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл арнайы барып қайтты. 

Шараға аудан әкімі Мейірхан Өмірбеков, ауыл имам-молдалары, қонақтар мен тұрғындар қатысты.

Аталған мешітке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Түркия елі мен Қазақстан арасындағы консул Әбдрахманов Бауыржан Қазықбайұлы демеушілік етті. Айта кету керек, ілгеріде "Жүніс молда" мешітінің орнында Меркі медресесі жұмыс атқарған болатын. Дәл осы оқу орнында Бауыржан Қазықбайұлы ілім алып, түлек атанған. 

Көпшілік алдында өкіл имам сөз сөйлеп, "Мешіт салуға үлес қосқан адамның мәртебесі" жайлы насихат айтып, "Жүніс молда" мешітінің имамы Дастан Қыдырбекұлына облыс атынан қасиетті Құран кітабын сыйға тартты. 

Ресми түрде лента қиылып, қонақтар мешіттің ішін, ауласын, асханасын аралап, мешітте 2 ракат "сәлем" намазын оқыды. Қанат Жұмағұл Құран оқып, мешіт үшін дұға жасады. Жұртшылық Алла үйінің жұмысына игі тілектерін жаудырып, аудан имамы Батырбек Қасымалиев демеушіге қазақы шапан жапты.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары