Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚМДБ Қажылық миссия мүшелерінің жиыны өтті
12 шілде, 2019 жыл 6 Басып шығару нұсқасы

Бүгін ҚМДБ Қажылық миссия мүшелері «Қажылық-2019» маусымын ұйымдастыру мәселесін ортаға салып, пысықтады.

Жиынға Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы А. Әділбаев, ҚМДБ Қажылық бөлімінің басшысы Ж. Бекжігітов, Қажылық миссия уағыз-насихат тобының жетекшісі А.Ұтысхан, Қазақстан қажылық миссиясының бас дәрігері Б. Досмаилов және 18 туристік фирманың басшылары қатысты.

Бас дәрігер Б. Досмаилов отандық қажыларға медициналық қызмет көрсетудің сапасын көтеруді ортаға салды. Ж. Бекжігітов Сауд Арабия Корольдігінің дәрілік заттар мен тамақ өнімдерін бақылау басқармасының нұсқаулығымен және қасиетті мекенге алып шығуға рұқсат етілген дәрілер тізімімен таныстырды.

Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы А. Әділбаев Әуе жолымен жүк тасымалдаудың «Қажылық-2019» маусымындағы нұсқаулықтарымен таныстырып, отандық қажылардың сапарын жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.

Айта кетер болсақ, Қазақстан қажыларын «Flynas»  және  «Scat Airlines» әуе компаниясы тасымалдайтын болады, қажылардың алғашқы тобы шілденің 30 күні аттанбақ. Ал қайту уақыты тамыз айының 17-23 күндері аралығына жоспарланып отыр. Сондай-ақ әуе компаниялары әуе жолымен жүк тасымалдау ережелері мен шарттарын да қатаң сақтайтындарын айтты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары