Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Маңғыстау: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында кезекті пәтер кілті табысталды
19 шілде, 2019 жыл 17 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Батыр ауылында тұратын Шамұратова Нұрсұлу есімді жесір әйелге төрт бөлмелі үйдің кілті табысталды.

Игілікті шараға Мұнайлы аудандық Миғраж мешітінің бас имамы Руслан Баймуканов және «Үммет жастары» қоғамдық-қайырымдылық қоры және кәсіпкерлер ұйытқы болды.

Пәтер кілтін табыстауға Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков арнайы келіп, жаңа қонысымен құттықтай отырып, барша қол ұшын созған азаматтарға алғысын білдірді.

Баспаналы болған мұқтаж отбасының жаңа қонысында ұйымдастырушылар мен тілекші қауым дастарханнан дәм татып, жылы лебіздерін білдірді.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары