Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Шұғыл: ҚМДБ Халал бөлімі хабарлайды
19 шілде, 2019 жыл 29 Басып шығару нұсқасы

Бүгін, яғни 19 шілде күні тұтынушылар тарапынан келіп түскен шағымға сәйкес «Иштаев» ЖК шұжық цехы өндірісі барысында үлкен техникалық қателіктер жібергені анықталды.

Атап айтқанда, ҚМДБ «ХАЛАЛ» белгісі қойылған қаптамасында анық түрде «шошқа еті» деп жазылған. Орын алған жағдайға байланысты біздің мамандар істің мән-жайын анықтау мақсатында Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Мәмбет батыр көшесі 6-В мекен-жайы бойынша орналасқан шұжық цехына хабарласты.

Нәтижесінде аталмыш цех ҚМДБ «Халал» сертификатына ие болғалы шариғатымызда тиым салынған доңыз етін шұжық дайындау барысында пайдаланбайтындығы анықталды.

Өз кезегінде «Иштаев» ЖК басшылығы ең алдымен тұтынушылардан кешірім сұрай келе, шұжық қаптамасын тапсырыспен жасау барысында жіберілген кемшілік екенін алға тартады.

Бұл жағдай шұжық қаптамасын дизайндау барысында орын алған. Тапсырыс барысында логотип қойылып, шұжық қаптамасының құрамындағы қоспалар өзгеріссіз қалып қойғанын айтуда. 
Айта кететін жайт, шұжық қаптамасының дизайнын жасайтын мекемелерге түрлі фирмалар тарапынан шұжықтың әртүріне (халал, халал емес) ұсыныстар келіп түсетінін ескеруді сұраймыз. 

 

«Иштаев» ЖК басшылығы ҚМДБ «Халал Даму» ұжымынан және барша тұтынушылардан орын алған техникалық қателікке байланысты кешірім сұрайтындығын және де алдағы уақытта мұндай өрескел қателіктер жібермейтіндігін мәлімдеді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары