Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚМДБ: Бейбіт Әліпбекұлы «Қажылық» бөлімінің басшысы болып тағайындалды
27 маусым, 2016 жыл 226 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Әліпбекұлы қосымша ҚМДБ «Қажылық» бөлімінің басшысы болып тағайындалды. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Бейбіт Әліпбекұлына екі бөлімнің қызметі жүктелді.

Бейбіт Мырзагелдиев Әліпбекұлы бұған дейін 2002-2005 жылдары аралығында ОҚО Шымкент қаласы Тельман елді мекеніндегі «Төленбай» мешітінің Бас имамы қызметін атқарған.

2005-2010 жылдары Астана қаласы «Нұр-Астана» орталық мешітінің наиб имамы, 2007 жылдан қосымша «Астана медресесі» діни бірлестігінің директоры орынбасары қызметін атқарды.

2007 жылы Пәкістан мемлекетіндегі Дауа Академиясының екі айлық курсының тыңдаушысы болды.

2005-2010 жылдары аралығында Адам құқықтары мен заңдылықтарды сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық Бюросының Астана қаласындағы филиалының мүшесі, ҚР Әділет Министрлігі Қылмыстық-Атқару Жүйесінің Астана қаласы бойынша Қоғамдық бақылау комиссиясының, ҚМДБ тарапынан құрылған уағыз-насихат тобының мүшесі болды.

2010 жылдың маусым айының 16 мен 2014 жылдың қазан айының 8 жұлдыз аралығында  ОҚО облысының өкіл имамы, Шымкент қаласындағы «А.Қаттани» мешітінің Бас имамы және «Шымкент» медресесінің директоры қызметін атқарды.

2014 жылдың 8 қазан айынан бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді.

ҚМДБ баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары