Талдықорған орталық «Иман» мешітінде қалаға қарасты барлық әйел-қыздар жамағаты шақыртылып, «Исламдағы ананың орны» тақырыбында дәріс оқылды.
Аталмыш дәрісті, орталық мешіттегі әйел-қыздар секторының көмекшісі Атайбекова Мадина Тәліпқызы жүргізіп, шара соңында раушан гүлдері мен бағалы сыйлықтар таратты.
Ардақты әжелер, мешіт қауымына рахмет айтып, қуанышпен тарқасты.
Пікірлер