Қарағанды 17:11 Шам
  • 07:16 Таң
  • 08:50 Күн
  • 13:06 Бесін
  • 15:26 Екінті
  • 17:11 Шам
  • 18:45 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1972 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті тәмамдаған; 1991-1992 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, сол жылы Мысырдағы әлем мұсылмандарының әйгілі Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат ...

Имамдарға куәлік табысталды

Алматы қаласындағы республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында «Қаңтар-наурыз 2018» оқу легі аяқталып, республика көлемінде және көршілес Моңғолия елінен келіп білім алған 84 имамға куәлік табысталды.

Куәлік табыстау салтанатты рәсімінің арнайы қонағы ретінде қазақстандық «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Айтбай Қайрат Орынбайұлы, ҚМДБ Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Шоқаев Еркінбек Керімбекұлы, институтымыздың ұлағатты ұстаздары – филология ғылымдарының докторы, профессор, белгілі шығыстанушы, ғалым Ислам Жеменей, тарих ғылымдарының докторы, профессор Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы және теология ғылымдарының докторы Мухитдин Исаұлы қатысты.

Ағымдағы оқу жылының басынан бастап Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің және қазақстандық «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының тікелей қолдауымен институттың оқу үдерісі жаңа серпінге ие болды: кітапхана қоры қосымша әдебиеттермен толықтырылды, оқу тиімділігін арттыру мақсатында институт базасы қосымша техникалармен жабдықталды.

Оқу барысында өңірлерден келген имамдар Құран, фиқһ және ақида пәндері бойынша білім алып, біліктілігін арттырды. Оқу легі бойынша «Директор атындағы тегін оқу гранты» 8 мешіт қызметкеріне тағайындалды. Соның ішінде Моңғолиядан келген 2 имамға келіп-кету жол шығындары институт тарапынан өтелді.

Кездесу соңында имамдар тарапынан алғыстар айтылып, ақсақал ақ батасын берді.

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    11 желтоқсан 2018 жыл Қызылордада Мәуліт кеші өтті
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика