Алматы қаласында «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кеңейтілген діни семинар өтті. Жиынға ҚР Президент әкімшілігі ішкі саясат сектор меңгерушісі Ғалым Нұрмағанбетұлы Шойкин, бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚР Дін істер және азаматтық қоғам министірлігі Дін істері комитетінің басқарма басшысы Мейрам Өткелбайұлы Иманбаев, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай және қала имамдары қатысты.
Семинар барысында бүгінгі қоғамдағы дін және руханият мәселелер қаралып, жаназа және жерлеу рәсімдеріне қатысты жайттарды қоғамға дұрыс жеткізу, түсіндіру, насихаттау жұмыстарын талқылады. Сонымен қатар, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы діннің насихаты даналықпен көркейетінін еске салды. Діни мәселелерді жеткізу жұмсақтық, кішіпейілдік, ізеттілік сияқты көркем сипаттарды үлгі ету, қаперде ұстау арқылы іске асатынын айтты.
Жиын барысында ҚР Президент әкімшілігі ішкі саясат сектор меңгерушісі Ғалым Нұрмағанбетұлы, ҚР Дін істер және азаматтық қоғам министірлігі Дін істері комитетінің басқарма басшысы Мейрам Өткелбайұлы өз ұсыныстарын айтып, пікірлерімен бөлісті. Сөз кезегін алған бас имам Еркінбек Шоқай Алматы қаласындағы діни мәселелер туралы қысқаша баяндама жасап, имамдардың білімін жетілдіруге және олардың заман талабына сай болуы үшін атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтып берді.
Пікірлер