Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Имам ат-Тахауидің ақида мәтініне қатысты студенттер сынға түсті
12 наурыз, 2018 жыл 266 Басып шығару нұсқасы

Бүгінде ислам дініндегі сенім мәселесі өзекті тақырыптарға айналып үлгерді. Себебі жат ағымдар адамның ең осал тұсы осы сенімге қатысты сауалдарды көтеріп, ғасырлар бойы қалыптасқан санасына ғана емес, сеніміне селкеу түсіруде. Соның салдарынан ел ішінде діни көзқарас қайшылықтары бой көтеріп, қарапайым адамдар зардап шеге бастады. Сондықтан, Нұр-Мүбарак университеті болашақ исламтанушыларды бұл тақырыпта классикалық еңбектерді оқытуға барынша күш салуда. Соның дәлелі жоспарлы дәрістерден бөлек қосымша сабақтар ұйымдастырылып, шәкірттердің білімдерін шыңдауы.

Жоба жетекшісі «Исламтану» кафедрасының оқытушысы Ризабек Батталұлы мен Жастар комитетінің  ұйымдастыруымен «Имам ат-Тахауидің ақида мәтінін жатқа оқу» сайысына іріктеуден өткен 10 студент қатысты. Мәтінді жатқа оқу, қазақша аударып, мағынасын ашу, түрлі мәселелерге мәтіннен дәлел келтіру, мәтінді жалғастыру сынды 4 этапта өтті. Ал қазылар алқасы ғылым докторы Мадих, докторанттар Ризабек Батталұлы, Құрмет Смағұлов, Нұржан Стамбакиев. 6 ер, 4 қыз студенттер арасында өте тартысты өткен білім сайысы қатысушылардың білімдерін шыңдап қана қоймай, көрермендерге пайдалы болды.

Сонымен 1-орын Насиба Касимбекова (2-курс); 2-орын Қазыбек би Пернебек (2-курс); 3-орын Абылай Кенжалы, Төрехан Нажмиддинов (2-курс студенттері) иеленді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйақы берілді.

Қазылар алқасы қатысушылардың білімге құштарлығына тәнті болып, Алла жолында жеңісті де жемісті, ел игілігі үшін пайдалы екі дүниелік ілімді тереңірек сусындауға тілектестіктерін білдірді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары